• Войти Регистрация

«Алашұлы» тобының мүшесі Мақсат Алмасбекұлының таңдауы

Біз сізді көбіне әнші ретінде танимыз. Одан басқа қандай қабілетіңіз бар? 

- Негізгі жұмысым «Алашұлы» тобында ән шырқау және қосымша теартрда жұмыс жасаймын. Ғабит Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахна сайысын қоюшы. Сахналық төбелестер, шайқастар. Сонымен қатар, ұстаздық қызметті де атқарғанмын. Бірақ, әзірше уақыттың тапшылығына байланысты бұл жауапкершілікті тоқтата тұрдым. Енді әншіліктен басқа актёрлық, жүргізушілік қабілетім бар.

 


Негізгі мамандығыңыз қандай?

- Негізгі оқып бітірген мамандығыма келсек, мен Жүргенов атындағы қазақ өнер академиясының түлегімін. Нақты театр және музикалық кино актёры мамандығы бойынша білім алдым.


Театрда қашаннан бері жұмыс жасайсыз? Қандай қойылымдарда ойнадыңыз?

- Театрда 2013-14тен бері жұмыс жасаймын. Ол жердегі негізгі жұмысым жаңа айтып кеткендей сахналық шайқастарды, сахналық төбелестерді қою. Бірақ осы 2016 жылы премьерасы өткен «Бір сен үшін тудым» (Ромео-Джулетта. Уильям Шекспир) Тибальттің рөлін алып шықтым. Әзірге театрдағы үлкен кәсіби рөлім осы.


 Сіздер тек руxты әндер орындайсыздар. Оған сұраныс аз болады деп ойламайсыздар ма?

- Рухты әндерге сұраныс аз болады деп ойламаймыз. Өйткені құдайға шүкір олай болыпта жатқан жоқ. Бізде шақырту өте көп. Үлкен мемлекеттік деңгейде болсын, шет елдерге болсын, сол той-томалаққа болсын шақырту өте жақсы. Себебі рухты әндер халыққа әрдайым керек. Алла қаласа ондай әндер жазыла береді. Бірақ қазіргі уақытта жастарға заманауи музыкада әндер жазып жатырғанымыз белгілі. Соңғы шығып жатқан әндерден байқаған боларсыздар. Бұл біздің стиліміздің өзгергендігі емес, ауқымның кеңейгені дер едім.

 


Қапшағай қаласындағы концерт қалай өтті?

- Біз Алматы обылысында алғаш Қапшағайда, одан кейін қаланың өзінде мамыр айында концертімізді бердік. Концерттеріміз өте жақсы өтті. Бұрындары басқа жерлердеде концерт берсекте осы үлкен қалада концерт беруге сескенгенімізі жасырмаймын. Бірақ ойлағаннанда өте жақсы өтті. Зал лық толы болды. Халық өте көп келді. Халықтың ерекше ықыласы бізгеде шабыт берді. Осы қарқынмен Республика сарайындада жақын арада концерт беруіміз мүмкін.


Спорттың қай түрімен айналысасыз?

- Мектеп уақытында баскетболмен жақсы айналыстым. Одан кейін у-шу-мен көп айналыстым. Сосын каскадерлық, акробатика. Ал, қазір фитнеспен айналысып жатырмын. Бұл фитнес-залда темір көтеру. Жақын арада жүзуді бастасам деген ниеттемін.


Топпен ән айту қиын емес пе? Тез танылмайсыз дегендей...

- Топпен ән айтудың өзіндік қиындығы да жеңіл жақтарыда бар. «Алашұлы» үшін топпен ән айту өте жақсы және өте ыңғайлы. Өйткені сахнадағы серіктесің, бауырың өзіңмен бірге халық үшін, топ үшін барын салғаны өте керемет. «Алашұлы» елдің ұлымыз деп өзімізге айдар таққаннан кейін топ болып жүргеннің керісінше жетістігі көп. Жекеде ән айтып жүрмін. Біраз жеке әндерімде жиналып қалды. Қазіргі уақытта жазылып жатқандары да жетерлік. Бірақ бұл топпен ән айтуға ешқандай кедергі жасамайды.

 

Ендігі жоспарларыңыз қандай? Немен айналысып жатырсыз қазіргі уақытта.

- Алдағы аптада бұйырса су жаңа бейнебаянымыз жарыққа шығады. Біраз елдің көкейінде, өзіміздің көкейде жүрген мәселелерді қозғадық осы бейнебаянымызда. «Алашұлы» бейнебаянды халыққа тарту етеміз. Енді халық көріп өз бағасын бере жатар. Сонымен қоса, жаңа бейнебаянға тағыда дайындық жүріп жатыр.Жеке орындауымдағы бір әнгеде бейнебаян түсіруде ойда бар. Бізді концерт,турлар,сапарларда жоспарлануда және Алматы қаласында үлкен концерт беруді көздеп отырмыз. Алла қаласа бәрі жақсы болады деп жоспарды жасап қойдық.


Мақсат Алмасбекұлының ұсынған қазақы дүниелер табуға болатын жерлердің ең үздігі

Елімізде қазақы дүниелер сататын жерлер жетерлік. «Алашұлы» тобының әншісі, елдің ұлы Мақсат Алмасбекұлы осындай дүниелер сататын жердің ең үздігін ұсынды.

"Mukajan kz"

 Мен қазақы дүниелерді Алмас Мұқажан деген досымнан аламын. Қазір"Mukajan kz” брендке айналды. Қазақы оюмен көмкерілген дүниелердің түр-түрін осы жерден таба аласыздар.Өзіме болсын,сыйлыққа болсын барлық қазақы дүниелерді осы жерден аламын.Қазір"Mukajan kz” брендке айналды. Қазақы оюмен көмкерілген дүниелердің түр-түрін осы жерден таба аласыздар.Өзіме болсын,сыйлыққа болсын барлық қазақы дүниелерді осы жерден аламын.Дүниелері өте сапалы,бағасыда қолжетімді. Ұлттық нақыштағы жақсы дүниелерді осы жерден табамын.Сонымен қатар, отандық өнімдерді қолдаймын. Оқырмандарғада осы жерден сапалы,қазақы дүниелерді алуға кеңес беремін.

 

Орташа төлем: 7000-10000

Мекен-жайы: Алматы қ., "Нұр" сауда үйі. 


Понравилась статья? Поделитесь с друзьями
Читайте так же
Подпишитесь на рассылку

Тут надо написать что вы рассыллаете и почему это интересно