• Войти Регистрация

Азамат Сатыбалды ұсынған үздік сағаттар

"28 THEATRE" жайында айтып өтсеңіз. Атауы, қазіргі жұмыс жасау қарқыны т.б

- “28 Theatre” ағымдағы жылдың 22 мамыр айында ашылды. Театрымыз М.Задорновтың “Күйеуіңізді сатыңызшы” спектаклімен тұсауын кесті. Ашылу мерекемізге қазақ өнерінің майталмандары келіп, батасын беріп кетті. Театрымызды Алматы қаласының әкімдігі қолдады. Сұхбатымызды пайдалана отырып, Алматы қаласының әкімдігіне, қала әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлына алғыс білдіреміз.

Неге “28 Theatre”? Ең алдымен біз “CINEMA28”киностудиясын құрадық. Алғашқы жобамыз “Бір сен үшін...” атты көркемфильмі барлық кинотеатрларынан көрсетілді. Кейін театр жобасын бастағанда, “28 THEATRE” деп бір лейблдің астына топтастырдық. Болашақта мектеп, өнер немесе продюсерлік орталығы ашу жоспарын құрсақ, дәл солай “28”деген лейблдің аясында аталатын болады.

Театр жұмысы мен құрылымы өзге театрлардан несімен өзгеше? Біздің театр құрамында актерлер құрамы үнемі өзгеріп отырады. әр спектакль бір “Жоба” ретінде қаралады. Оның продюсері, менеджерлері құралғаннан кейін, шығарма таңдалады. Сол шығармаға байланысты режиссерлер мен актерлік құрам құрылады. Жоспарда эксперименталдық және өзге жанрларда шығармаларды сахналау жоспарда бар.


"Евразия" кинофестивалі қалай өтті. Осындай фестивалдардың негізгі өткізілу мақсаты не?

- «Евразия» кинофестивалі ең алдымен біздің еліміз үшін қажет. Фестиваль халықаралық болғандықтан, біз шетелдік мамандардың жұмыстарымен танысамыз, тәжірибе алмасамыз. Елімізге әлемге танымал, «Оскар» сыйлықтарының иегерлері және кәсіби мамандар келіп, біздің шығармашылығымызға баға беріп, болашақта бірігіп жұмыс істеуге, шетел кинокомпаниялармен қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. Сондықтан аталмыш фестивальдің тек жақсы жақтарын айта аламын.

Түсірілім немесе қойылымда кейіпкерді сомдау барысында ер адамдарда сырт келбеті жағынан қиындық туындайды ма? Салмақ қосу немесе тастау дегендей жағдайлар болады ма?

- «Өнер үшін –жан пида» деген сөз бар. Егер де белгіленген кейіпкердің болмысына қажет болса, салмақ қосу/алу еш қиындық туғызбайды. Қазіргі заманның техника мен құралдардың жаңаруына байланысты, сырт келбетке өзгерту енгізу қиындық тудырмайды.

Сізге кино немесе қойылым қайсысынан ұсыныс көп түседі ме?

- Ұсыныс расында да көп. Бірақ та, ұсынылған сценаримен танысып, менің табиғатыма сай келсе, шығармашылық топтың кәсіби деңгейіне қарай шешім қабылдаймын.

Қойылымдағы рөлден бас тартқан кезіңіз болды ма?

- Еңбек етіп отырған «Әкем театрдың» барлық қойылымдардың барлығында рөлдерім бар. Бірақ та театрымызда 100ге жуық актерлері қызмет атқарады. Сондықтан кей рөлдерді сомдамағаным, бас тартқаным емес.

Түсірілімге,қойылымға көп уақыт дайындық жүргізіледі.Сол уақыттары жиі ескерту аласыз ба?

- Ескерту ол шығармашылықтың барысы болғандықтан, ескерту мен түзетулер болатыны хақ. Қоюшы-режиссермен тығыз жұмыс істей отыра, бір-біріміздің пікірлерімзді тыңдай отыра, жұмыстың нәтижесін жақсы болуына бірге жұмыс істейміз.


Бәріміз білетіндей ұл балаға әкенің берген тәрбиесінің маңызы зор.Кино,театр деп жүріп осы нәрсені ұмытып кеткен жоқсыз ба? Жалпы,бала тәрбиесіне көңіл бөлесіз бе?

- Баланың тәрбиесі – бірінші орында тұрған мәселе. Сондықтан жұмыс кестемде отбасыма арнайтын уақытым бар және сол кезде тек отбасыммен боламын.

Түскен кино немесе қойылымдарда көбіне ашулы,мінезді,бір беткей кейіпкердің сомдайсыз.Ал,өмірде өзіңіз сомдаған кейіпкерлердей қаталсыз ба?

- Ер азамат болғандықтан мінезді екеніміз рас. Кейіпкердегі мінез бен өмірдегі мінез екі түрлі. Кейде мінездер бірдей болатыны да бар.

Жаңа айтып өткендей біз сізді комедия жанрынан көрмейміз."Күйеуіңізді сатыңызшы" спектаклінде кейіпкерді сомдау,жалпы комедия жанрында ойнау қиындық тудырмады ма?

- Театр сахнасында комедия жанрында рөлдерді сомдамадым. «Күйеуіңізді сатыңызшы» комедиясы мен үшін жаңа бір серпіліс, жаңа шақыру болды. Мен үшін жақсы тәжірибе.

10.Қазір немен айналысып жүрсіз?Жоспарларыңызбен,жаңалықтарыңызбен бөлісе отырыңыз.

Біздің киностудия жаңа киноның сценариін жазу үстінде. Бұйыртса, осы күзде түсілірім жұмыстарын бастап кетсек деген жоспар бар.

Театрымыздың жаңа қойылымын сахналау бойынша шығарма іздеудеміз. Театрымыздың гастрольдік сапарын жоспарлап қойдық. Күз айларында еліміздің барлық аймақтарын аралап қайтамыз деп отырмыз.


Азамат Сатыбалды ұсынған ыңғайлы қолсағаттар табуға болатын жерлердің ең үздік екеуі

Елімізде қолсағаттар сататын жерлер жетерлік. Актер Азамат Сатыбалды осындай дүниелер сататын жерлердің ең үздік деген екеуін ұсынды. Белгілі бір брэндке байланған адам емеспін. Сондықтан сағат ең алдымен ыңғайлы, киінген киімге байланысты сай болуы керек.


«TISSOT»

Бұл жерде ерлерге арналған қолсағаттардың түр-түрін табуға болады.Олардың бәрі сапалы.Осы жерден сағат алсаңыз өкінбейсіз.Мәскеуден шығарлатын ер адамдарда арналаған бұл қолсағаттар өте ыңғайлы.

Мекен-жайы: Интернет дүкен «Tissot_official_moscow»


«Romanson»

Бұл жерден спорттық үлгідегі сағаттарды табуға болады. Швейцариялық сәнде және өте ыңғайлы қолсағаттарды «Romanson» нан таба аласыздар.

Мекен-жайы: Интернет дүкен “romansonkz”


Понравилась статья? Поделитесь с друзьями
Читайте так же
Подпишитесь на рассылку

Тут надо написать что вы рассыллаете и почему это интересно