• Войти Регистрация

Әнші Нұрболат Абдуллин ұсынған мейрамханалар бестігі

Алып шаһар Алматының кез-келген дәмханасынан  жұлдыздарды кезіктіру сирек құбылыс. Өйткені, олардың тұрақты барып тұратын арнайы орындары бар. Солардың бірі, жас әнші Нұрболат Абдуллин өзі жиі қонақ болатын мейрамханалар бестігін  ұсынады.


ШАХ мейрамханасы. Ас мәзірінде қытай, қазақ, өзбек және шығыс тағамдарының көп түрі тоғысқан. Жанға жайлы атмосфера, тәжірибелі аспаздың қолынан шыққан дәмді тағамдар. Нұрболат Абдуллин: “Шах мейрамханасының қызметкерлерінің келген қонақпен қазақша амандасуы көңілімді бір көтеріп тастайтыны анық. Салем түзу болғаннан кейін ішкен сусының, алдыңа келген асың да дəмді болары сөзсіз. Ең бастысы Шах қызметкерлерінің қонақпен қарым қатынасы ерекше. Ал асханасына келсек, мен іздеген тағамның көбісін осы жерден табамын.Бұл жердің балық сорпасы мен өзбек палауын ерекше  ұнатамын”.

Орташа төлем: 3000-5000 тенге
Мекен-жайы: пр. Гагарина, 292

Сілтеме: http://baitrend.com/772-shah


RUMI. Бұл жер палаудың бірнеше түрін ұсынады. Оны әзірлеуге қосатын түрлі дәмдеуіштері әр мемлекеттен арнайы таңдалып алынады. “Rumi мейрамханасына көбінесе түскі ас және кешкі ас мезгілінде барып тұрамын. Бұл жерде палаудың түр-түрі бар. Шайы мен тəттілері де ерекше”-дейді, жас әнші.

Орташа төлем: 3000 тенге
Мекен-жайы: пр. Достык, 63 (уг. ул. Шевченко)

Сілтеме: http://baitrend.com/507-rumi


COFFEE TOWN. Нұрболат Абдуллин: “Coffeе town  кешкілік демалуға  қолайлы орын.  Бұл жерлердің маракан шайы өте дəмді. Сонымен қатар, жеміс-жидектен жасалған шайын да жақсы көрем. Тоқбасарға міндетті түрде тирамису мен балмұздағына тапсырыс беремін”.

Орташа төлем: 4000-5000 тенге
Мекен-жайы: ул. Панфилова, 75

Сілтеме: http://baitrend.com/711-coffee-town


CAFE CENTRAL. Қаланың қақ ортасында орналасқан мейрамхананың сыртқы көрінісі өте ерекше. Нұрболат Абдуллин: “Cafe central іс-шара жөнінде кездесуге, достармен  әңгіме-дүкен құрғанға бірегей орын. Маған тыныш, сөйлесуге  оңаша, ойлануға қолайлы орын болса аса көп интерьеріне көз сала бермеймін. Дегенмен, бұл жердің əдемілігі назарыңды аудармай қоймайды”.

Орташа төлем: 4000-7000 тенге
Мекен-жайы: мкр. Самал 2, 111, ТРЦ «Dostyk Plaza»

Сілтеме: http://baitrend.com/30-caf-central


BAURSAK CITY. Мейрамхана атының өзі айтып тұрғандай ас мәзірі ұлттық тағамдарымен ерекше. “Baursak city мейрамханасы қазақы иісі бұрқыған жер. Ауылдың табиғи тағамдарын аңсаған болсаңыз, сол жерге баруға кеңес берем. Шұбат, қымыз, құрт-ірімшік, қаймақ-сүзбе, науат, тары-талқан бəрі бар. Бұл жердің интерьері де ерекше. Қаның қазақ болғасынба қазақы жерге кіргенде арқаң қозып, ерекше күйде отырасың. Кіре берісінде ежелден қалған күбі тұрады. Қолмен тоқылған қазақы кілемдер, терезе алдындағы домбыра, сандық, ер-тұрманды көргенде  құдды бір ауылда жүргендей сезінесің.

Жүз рет естігенше, бір рет барып көрген абзал”- дейді, Нұрболат Абдуллин.

Орташа төлем: 3000-5000 тенге        

Мекен-жайы: ул. Муратбаева, 138, уг. ул. Кабанбай батыра




Понравилась статья? Поделитесь с друзьями
Читайте так же
Подпишитесь на рассылку

Тут надо написать что вы рассыллаете и почему это интересно