• Войти Регистрация

Бағлан Әбдірайымов өзі жиі қонақ болатын мейрамханалар 5-тігін ұсынады.

Жұлдыздар қайда және қандай дәмханадан ас ішеді? Бұл сауал оқырмағандарға да қызықты болар. Ендеше талғампаз әнші, Жігіттер квартетінің солисті  Бағлан Әбдірайымовтың көңілен шыққан, өзі жиі қонақ болатын мейрамханалардың 5-тігін ұсынады.

-Бағлан мырза, қасиетті айдағы тұтқан оразыңыз қабыл болсын! Өнер адамдары үйде көп бола бермейтіні белгілі, ауызашарға қай жерлерге жиі барасыз?

Бағлан Әбдірайымов: Əмин, рахмет! Алла барша мұсылманның оразасын қабыл еткей! Иə, оның рас үйде көп бола бермейміз. Дегенмен, ораза айында отбасым мен туған - туыстың ортасында болуға тырысамын. Ифтарға дəм қай жерден бұйырса, сол жерде ауыз ашамыз. Қазіргі таңда, Аллаға шүкір, ауызашарға ыңғайлы халал мейрамханалар көп.

-Өзіңіз жиі барып тұратын, тұрақты дəмханаңыз бар ма?

Бағлан Әбдірайымов: Иə, əрине.

-Солардың бірнешеуін атап берсеңіз?

Бағлан Әбдірайымов: Тұрақты орындарымның бірі - "БАЙСАН" мейрамханасы. Тамақтары халал, ауызашарға қолайлы мәзірлері бар. Ең басты талабым - дәмді ас мәзірі мен қызмет көрсету сапасы. Сонымен қатар, "Байсан" мейрамханасында ауызашарға жақсы жағдай жасалған. Бағасы жағынан да аса қымбат емес.

-Сіз ұнататын дəмханалар қатарынан бірінші Байсанды атадыңыз. Артықшылығы неде?

Бағлан Әбдірайымов: Біріншіден халал, екіншіден тағамдарының дəмі ерекше. Аурасы ұнайды. Қызмет көрсетуі де, бағасы да көңілімнен шығады. Сондықтан болар, бірінші осы дəмхананы атағаным.

1) "БАЙСАН" мейрамханасы

Орташа төлем: 1500-3000тг
Асханасы: Шығыс тағамдары
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Тургут Озал көшесі, 249а


Бағлан Әбдірайымов: Сонымен қатар, "OZYURT" түрік дәмханасы мен "TURANDOT" қытай асханасының тағамдары ерекше. "OZYURT" түрік дәмханасын халал тағамдары мен шығыстық интерьері үшін ұнатамыy

2) "OZYURTмейрамханасы

Орташа баға: 3000-5000тг
Мекен-жайы: Алматы, Төлебаев көшесі 8


Бағлан Әбдірайымов: Әр асхананың өзіндік ерекше дәмі бар.Қытай ас мәзірінің 90% теңіз өнімдері. Сонысымен ерекше ұнайды

3) "TURANDOTмейрамханасы

Орташа баға: 4000-6000тг
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Жароков көшесі 282


Бағлан Әбдірайымов: Ас мәзірінің көп түрімен ерекше: европалық, қытай, түрік асханасының түрлі тағамдары бар. Аурасы жанға жайлы

4) "ESPERANZAмейрамханасы
Орташа баға: 10 000тг
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Сейфуллин қиылысы 481


Бағлан ӘбдірайымовДәмді палауы мен ташкент шайын аңсап, отбасымызбен жиі барып тұрамыз

5) “ТЮБЕТЕЙКА” мейрамханасы
Орташа баға: 7000-10 000тг
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі 32


-Бұрын соңды барып көрмеген жаңа орынға келгенде ең алдымен неге көңіл аударасыз?

Бағлан Әбдірайымов: Тағамға келгенде талғампазбын. Сондықтан алдымен ас мәзіріне көңіл бөлемін. Және барған жерімнің жайлылығы маңызды. Шулы жерлерді аса ұната бермеймін. Тыныш, аурасы жанға жайлы болса болғаны.

-Тағамға келгенде талғампазбын дедіңіз, өзіңіз атап өткен дəмханалар қандай тағамдарымен ерекше?

Бағлан ӘбдірайымовМәселен, "ESPERANZO-ның" ас мәзірінде европалық, қытай, түрік асханасының түрлі тағамдары бар. "Тюбетейкаға" ташкент шәйі мен палауына жиі барамын. Ал, "TURANDOT" ащы тағамдарымен, пайдалы теңіз өнімдерінен жасалған ас мәзірімен ерекше ғой. Дегенмен, қазақтың асханасына не жетсін!

-Өнер адамдары арзан жерден тамақтанбайтыны анық. Сіз атаған жерлер қарапайым халықтың қалтасынан ауыр соқпай ма?

Бағлан Әбдірайымов:Аса қымбат жерлер деп айта алмаймын. Қолжетімді, орташа бағада. Өз басым қымбат жерлерге бара бермеймін.

-Мейрамханалар кіргенде көздің жауын алатындай ерекше болуы сіз үшін қаншалықты маңызды?

Бағлан Әбдірайымов: Интерьеріне көңіл бөлемін. Бірақ, жалт - жұлт еткен жылтырақтарына емес, тарихи бейнелері, өзге түсті картиналары болса ол жердің атмосферасы салмақтырақ көрінеді маған.

-Танымал тұлғасыз, сіз баратын дəмхана қызметкерлері ерекше көңіл бөлетін болар? Жалпы қызмет көрсету сапасына қояр талаптарыңыз қандай?

Бағлан Әбдірайымов: Мен атап өткен орындардың барлығында да қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде деп айта аламын. Жалғыз маған ғана емес, барлық келушіге ілтипаты бірдей. Əрине, жылы жүзбен қарсы алып, күлімдеп шығарып салса, ондай жерге тағы айналып барарың сөзсіз ғой.

Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан А. Жұмабаева

Понравилась статья? Поделитесь с друзьями
Читайте так же
Подпишитесь на рассылку

Тут надо написать что вы рассыллаете и почему это интересно